«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) дайындаған «Нұрсұлтан Назарбаев — болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (мақалалар, сұхбаттар, сарапшылардың пiкiрлерi және анықтама-сараптамалық материалдар)» атты кiтаптың тұсаукесерi өттi.

Iс-шараға кiтап материалдарының авторлары, мемлекеттiк органдар, ғылыми-зерттеу институттар мен БАҚ өкiлдерi қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентi — Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қазақстанда да, шетелде де үлкен қызығушылық тудырып, кең ауқымда талқыланды. Кiтапқа танымал саяси және қоғам қайраткерлерi, республиканың және шет елдердiң ғылыми-сараптамалық қауымдастығы өкiлдерiнiң мақалалары, сұхбаттары, сөйлеген сөздерi кiрген. Сонымен қатар кiтапқа ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Мемлекет Басшысы мақаласының негiзгi бағыттары бойынша дайындалған анықтама-сараптамалық және әдiстемелiк материалдарды қосылған.

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесi, социология ғылымдарының докторы, профессор Шәукенова Зарема Кәукенқызы өз сөзiнде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын, мазмұны мен оның негiзiндегi қойылған мiндеттердiң ауқымдылығын атап өттi. Құжат Қазақстан тарихының шежiресiне жазылған. Нұрсұлтан Әбiшұлы өзiнiң 15 желтоқсанда жария еткен «Тәуелсiздiк дәуiрi» атты жаңа кiтабында рухани жаңғыру — жаңғыру үдерiсiнiң негiзгi бағыты екендiгi туралы айтады. Елбасы «Рухани жаңғыру» бұл жаңа, жасампаздық дәуiрiне көшудiң негiзi деп көрсетедi.

З.К. Шаукенова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бiр жағынан жаңару үдерiстерi — саяси реформалар мен экономикалық жаңаруға бастама болған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдаудың мазмұндық жалғасы болғандығын атап өтсе, екiншi жағынан — бұл саяси және экономикалық өзгерiстердiң негiзiнде қоғамдық сананы жаңғырту болатын Қазақстанның алға жылжып дамуының айрықша бастауы болып табылады. Мемлекеттiң келешегi Қазақстан азаматтарының ұлттық бiрiгуiмен тiкелей байланысты, сондықтан Елбасы «Елiмiз мықты, әрi жауапкершiлiгi жоғары Бiртұтас Ұлт болу үшiн болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетiнiмiзге байланысты» дедi.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi — Елбасы кiтапханасының жетекшi ғылыми қызметкерi, философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының пiкiрiнше, аталынған кiтап уақтылы шығып отыр, өйткенi қазiр қоғамда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын терең түсiну, түйсiну үдерiсi жүрiп жатыр. Сондықтан да оны терең түсiнуге қатысты ғылыми ұстаным қажет. Ғ.Т. Телебаев сонымен қатар кiтаптағы танымал қазақстандық философтар А. Айталы, Ж. Әбдiлдин және Р. Әбдiлдинаның «Рухани жаңғыру» тұрғысынан алғанда қоғамның моральдық және рухани құндылықтарына негiзделген мақалаларына баса назар аударды.

Сарапшы, саясаттанушы Саясат Нұрбек Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазiргi таңдағы модернизация және институционалдық экономика теориясындағы соңғы зерттеулер аясында маңызды деп атап өттi. Бүгiнде жаңғырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi «жаңғыртулық» құндылықтарды анықтау және қалыптастыру, тәуелдiлiктiң психологиясынан, патернализмнен құтылу, прогрессивтi iскерлiк мәдениеттi қалыптастыру, табысқа деген мотивациядан және ұтқырлықтан тұрады.

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау мен стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Кучинская Юлия Владимировна өз сөзiнде аталыған кiтаптың болашақтық сценарийлердi болжау жағдайында форсайт зерттеулер көзi ретiнде пайдалану маңыздылығы үлкен екендiгiне тоқталды. Кiтапта қазақстандық қоғамның жүйелiк жаңғыруы тұрғысындағы даму мүмкiндiктерi туралы отандық және шетелдiк сарапшылардың пiкiрлерi жинақталған. Бұл тұрғыдан алғанда жаңғырту, дәстүрлер және дамыту идеялары көрiнiс тапқан Аймақтық қиындықтар институтыяның (Ресей) директоры Дмитрий Журавлевтiң мақаласы қызығушылық тудырады.

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтiк-саяси зерттеулер бөлiмiнiң басшысы, PhD Жолдыбалина Алуа Серiкқызы мәдени жаңғыру үдерiстерiнiң ерекшелiгiне баса назар аударды. Сонымен қатар ол «Рухани жаңғырудағы» мәдениеттiң маңызы мен мәнiне басқа да ҚСЗИ қызметкерлерi — М. Нұрғалиева, Ю. Булуктаев, Л. Қаратаева, және саясаттанушы А. Казанцев, ресейлiк сарапшы Ю. Кофнер, саяси ғылымдарының докторы А. Бижанов, профессор Ә. Дербiсәлi, Мәжiлiс Төрағасының орынбасары В. Божко өз мақалалары мен сұқбаттарында назар аударғандығын атап өттi.

Аталынған ой-түйiндермен және басқа да қоғамдық қайраткерлердiң, ғалымдардың, сарапшылардың пiкiрлерiмен көпшiлiк назарына ұсынылған кiтаптан таныса аласыздар. Кiтаптың мәтiнiмен ҚР Президентi жанындағы ҚСЗИ — www. kisi.kz сайтында танысуға болады.

21.12.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 115