+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Әлеуметтік салада проактивті қызметтерді ұсыну

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу бойынша пилоттық жобаныпроактивтi жолмен iске қосты.

Бiрiншi кезеңде оған тек мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi қатысады.

Бұрын болашақ зейнеткерлер зейнетақыны тағайындау бойынша қызметтердi ресiмдеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына мiндеттi түрде бару керек едi, қазiр зейнеткерлiк жасқа 10 күн қалғанда, әлеуеттi зейнеткерге қызметтi проактивтi жолмен ресiмдеу туралы ұсыныспен SMS-хабарлама келiп түседi.

Болашақ зейнеткердiң келiсiмiмен сiз «иә» сөзiн терiп, жауап SMS жолдауыңыз керек.

Қызметтi осылайша ресiмдеу үшiн, еңбек шартын есепке алудың бiрыңғай жүйесiне кiру үшiн алдын-ала жұмыс орнындағы кадрлар бөлiмiне сiздiң еңбек қызметiңiз туралы ақпарат беру қажет.

Сонымен қатар, әлеуеттi зейнеткер Мобильдi азаматтар базасында (МАБ) тiркелiп, екiншi деңгейлi банкте немесе «Қазпошта» АҚ-да шот ашуы керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақы, базалық зейнетақы төлемi және БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi пилоттық жоба аясында проактивтi жолмен екiншi болып тағайындады.

Қазiргi уақытта зейнетақы, базалық зейнетақы төлемi және БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемi филиалдың екi қызметкерiне проактивтi жолмен тағайындалған.

Пилоттық жобаның нәтижелерi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» оны басқа ұйымдарға тарату мүмкiндiгiн қарастырады.

Осылайша, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында» мемлекеттiк қызметтердi проактивтi жолмен көрсету облысы кеңейтiлдi, яғни қызмет алушы халыққа қызмет көрсету бойынша бөлiмiне бармай.

Қазiргi уақытта Мобильдi азаматтар базасында тiркелген және ұялы телефонда Telegram қосымшасы бар қызметтi алушы проактивтi форматта Telegram-бот қосымшасы арқылы келесi қызметтердi ала алады:

•республикалық бюджеттен төленетiн бала тууына және бала күтiмi бойынша жәрдемақы тағайындау

•«МӘСҚ» АҚ-нан төленетiн бала күтiмi бойынша әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау.

Ағымдағы жылғы 9 айында Ақмола облысы бойынша 703 адам бала туу мен бала күтiмi бойынша жәрдемақылардың проактивтi түрлерiмен ресiмдеудi пайдаланды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы »коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау», «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесiне, асырап алушыға (ына), қамқоршыға жәрдемақы тағайындау», «Бала бiр жасқа толғаннан дейiн баланың тууына және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау»,«Әлеуметтiк қауiп-қатер жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау –жұмысынан айырылу немесе бала бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмiнебайланысты табысынан айырылу» электрондық үкiмет «веб-порталы арқылы» мемлекеттiк қызметтерiн алу мүмкiндiгiн еске салады.

Бұл мүмкiндiк электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар барлық интернет пайдаланушыларына қол жетiмдi.Электрондық үкiмет порталымен байланыс тәулiк бойы жүзеге асырылады. Ақмола облысы бойынша 2019 жылғы 9 айында әлеуметтiк салада 1 672 мемлекеттiк қызмет «Электрондық үкiмет» порталы арқылы ұсынылды.

Проактивтi форматта мемлекеттiк қызметтердi алудың артықшылығы — кезек болмауы және кез келген ыңғайлы уақытта үйден шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мүмкiндiгi.

Сұрақтарбойыншаәлеуметтiк-еңбексаласындағыбайланысорталығынахабарласыңыз — 1411 «Азаматтарғаарналғанүкiмет» (тегiнқоңырау).

Жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, таңертеңгi 9-дан 18-ге дейiн түскi үзiлiссiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы

29.10.2019
70