A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Білім гранттарын тағайындау қорытындылары

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл АСЫЛОВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өттi.

Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi Республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады.

Комиссияның құрамына мемлекеттiк органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, қызметкерлердiң кәсiптiк одағының өкiлдерi және жоғары оқу орындарының ректорлары енгiзiлдi.

Конкурстық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады. Жыл бойында Министрлiк студенттер контингентiн iрiктеу сапасын арттыру және қалыптастыру бойынша бiрқатар жүйелi шараларды жүргiздi.

Осы жылы соңғы 5 жыл iшiнде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемi өстi. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда бакалавриатта 6230 орынға көбейген. Осылайша 2017-2018 оқу жылына бiлiм гранттарының саны 37 932 грантқа дейiн өстi, оның iшiнде халықаралық келiсiмдер бойынша шетел азаматтарын оқытуға, Назарбаев Университетiнде студенттердi оқытуға және т.б.

Оның iшiнде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшiн (күндiзгi оқу нысаны бойынша — 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша — 300 грант), 2850 орын — жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерi үшiн бөлiндi.

Бұл ретте мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға жiберiлген жоғары оқу орындарының тiзiмi кеңейтiлген. Бiлiм грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысты, оның iшiнде 49 858 адам  — қазақ тiлiндегi оқу бөлiмiне, 13 311 адам — орыс тiлiндегi оқу бөлiмiне тапсырған.

«Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» жобасы шеңберiнде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысты.

Бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және Ұлттық тестiлеу орталығының, сонымен қатар, республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланатын болады.

Құрметтi БАҚ өкiлдерi!

10 тамыз күнi сағат 14:00-да Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң вице-министрi Бибiгүл АСЫЛОВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтедi.

Тақырыбы: «2017 жылғы бiлiм беру гранттарын тағайындау қорытындысы».

Сондай-ақ, баспасөз конференцияға Ұлттық тесттiлеу орталығының директоры Рамазан АЛИМКУЛОВ, Қазақстандық салалық бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң кәсiптiк одағының төрайымы Майра АМАНТАЕВА, Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтының ректоры Еркiн ӘБIЛ және ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Ғылым және адам ресурстары департаментiнiң директоры Айгүл ҚАПТАҒАЕВА қатысады.

БАҚ өкiлдерiн аккредиттеу және басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефондары арқылы не sck.astana@gmail.com электронды мекенжайына 2017 жылғы 10 тамыз күнi сағат 12:00-ге дейiн хабарласуға болады.

2017 жылғы білім беру гранттарын тағайындау қорытындысы

Асылова Бибигүл Амангелдіқызы Қазақстан Республикасы БҒМ вице-министрі
Асылова Бибигуль Амангельдиевна Вице-министр образования МОН РК
Алимкулов Рамазан Сейхімұлы Ұлттық тесттілеу орталығының Директоры
Алимкулов Рамазан Сейхимович Директор НЦТ
АмантаеваМайра Тұрғанқызы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы
АмантаеваМайра Тургановна председатель Общественного объединения «Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
ӘбілЕркін Аманжолұлы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры
АбильЕркин Аманжолович ректор Костанайского государственного педагогического института
ҚаптағаеваАйгүл Қайратқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры
КаптагаеваАйгул Кайратовна директор Департамента науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

      

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2017
Қаралым саны: 159
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru