A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы

Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi директорының орынбасары Гульзат Кобенова және ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тесттiлеу орталығының директоры Рамазан АЛИМКУЛОВТЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өттi.

Ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi-ҰБТ) елiмiздiң 165 ҰБТ өткiзу пункттерiнде ағымдағы жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткiзiлдi. ҰБТ-ға қатысуға 10(11) сыныптардың 92 827 түлегi өтiнiш берiп, олардың 67 627 (76,3%) қазақ тiлiнде және 20 968 (23,6%) орыс тiлiнде тапсыруға өтiнiш берген. Жергiлiктi атқару органдарының мәлiметiнше 35 000 аса түлектер ҰБТ өткiзу пункттерiне (бұдан әрi- ҰБТӨП) жеткiзiлiп, тамақпен қамтамасыз етiлген және олардың 11 000 жатар жаймен қамтамасыз етiлген. Факт бойынша 88 583 адам тестiлеуге қатысып, өтiнiш берушiлердiң 95,4% құрады.

ҰБТ жүргiзу үшiн аймақтарға 1815 Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң өкiлдерi (75% жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы, 25% колледж мұғалiмдерi) жiберiлдi. Ұйымдастыру сұрақтарын шешу мен ҰБТ мониторингiн жүргiзу үшiн өткiзу орындарында бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларынан, жергiлiктi атқарушы органдарынан, құқыққорғау қызметтерi, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдар қызметтернiң өкiлдерiнен тұратын саны 965 адам мемлекеттiк коммисия құрылған. Сонымен қатар, алдыңғы жылдардағы сияқты ҰБТӨП-ке ауа баптағыштар қойылып, медициналық (психологиялық) көмек пункттерi ұйымдастырылды және қауiпсiздiк қамтамасыз етушi қызметшiлер кезекшiлiкте тұрды. Ағымдағы жылы бiрiншi рет бұлтты интернет iске қосылды. Бұл қызмет барлық адамға Қазақстанның кез келген нүктесiнде өтiп жатқан тестiлеу барысын қадағалауға және құқық бұзушылық деңгейiн төмендетуге айтарлықтай септiгiн тизiздi.

ҰБТ-ның өткiзу ережесi мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшiн тестiлеуден 12 адам шығарылды. Тестiлеу барысында 85446 тыйым салынған заттар, сонын iшiнде 43394 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 42052 қағаз жүзiнде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) алынды.

Өткiзу орындарындағы жетекшi мұғалiм — пән мұғалiмдерiнен құралған аппеляциялық комиссия мүшелерiнiң саны — 3300 адам, республикалық аппеляциялық комиссия — 54. Республикалық аппеляциялық комиссияға мазмұны бойынша 199 тест тапсырмалары түсiп, оның 103 қанағаттандырылды. Техникалық себептерге байланысты келiп түскен 12 тест тапсырманың 7-i қанағаттандырылды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5 % (мүмкiн болған 140 баллдан). Былтырғы жылғы көрсеткiш (мүмкiн болған 125 баллдан) 81 % болды. Шектiк деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1%), оның iшiнде 60-65 балл: 5935 (7,9%), 66-119 балл: 52 717 (70,7%), 120 — 139 балл — 5 064 (6,8%). Шектiк деңгейден өте алмағандар саны 14 066 адам (15,8%).

Ең жоғары балл жинаған Алматы қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ бiтiрушiсi Тасан Саят Елтайұлы — 139 балл, 7 адам — 138 балл жинады. 2017 жылы ҰБТ өткiзу барысындағы барлық iс-шара штаттық тәртiпте өттi. Халық ҰБТ-ның жаңа форматын жақсы қабылдады.

Құрметтi БАҚ өкiлдерi!

30 маусым күнi сағат 11:30-да Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi директоры Дархан АХМЕД-ЗАКI және ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тесттiлеу орталығының директоры Рамазан АЛИМКУЛОВТЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтедi.

Тақырыбы: «2017 жылғы Ұлттық бiрiңғай тестiлеудiң қорытындысы туралы».

БАҚ өкiлдерiн аккредиттеу және басқа да сұрақтар туралы +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы не sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2017 жылғы 30 маусым сағат 10:00-ге дейiн хабарласуға болады.

  

Мақаланың шыққан күні: 30.06.2017
Қаралым саны: 132
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru