«Мемлекеттік қызметшілер міндеттемелеріңізді орындауды ұмытпаңыздар»

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi (одан әрi- Салық кодексi) 185 баптың 2 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация ұсыну мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектiсi болып табылатын кiрiстерi және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкi туралы декларацияны ұсыну мiндеттемесi туындайды. Жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жерiндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады, яғни 2017 жылға декларацияны 2018 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

21.12.2017
LANG_PROSMOTR_COUNT 92