«Славянский базар в Витебске» фестивалі өтеді

Орталық коммуникациялар қызметiнде "Славянский базар в Витебске" Халықаралық өнер фестивалiне арналған баспасөз маслихаты өттi. Халықаралық өнер фестивалi Беларусь мемлекетiн дүние жүзiне танымалы еткенi белгiлi. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президентi Александр Лукашенко мырзаның жеке қолдауымен, көп жылдар аралығында осы музыка форумы басқа елдер мен халықтар аралығында мәдениеттер диалогының дамуына ықпал етiп келедi.

«Қазiргi уақытта фестивльдiң ашық аспан астында өтпеуi мүмкiн емес, себебi суретшiлердiң керемет шығармалары, мастерлер қаласы, халықтық ұйымдар бүкiл халыққа көшелерде көрсетiледi. Фестиваль күндерi дәстүрлi түрде одақтас мемлекеттер күнi, Беларусь, Ресей, Украина өнер шеберлерiнiң гала концертi, "Фестиваль без границ", "Театральные встречи", «Звездный час» бағдарламалары өткiзiледi. Осы керемет фестивальде Қазақстан күнiн өткiзу егемендi Қазақстанның өз потенциалын толығымен ашып көрсетiп, жаңа мәдениеттiк байланыстар орнатуға мүмкiндiк алады. Жас әртiстерге үлкен сахнада өнер мүмкiндiгiн жиi берiп тұру керек, себебi мұндай тәжiрибе олардың әрi қарай шығармашылық дамуына себеп болады. Оның үстiне, өнер тобының шығып өз таланттарын ортаға салуы Қазақстан ерекшелiгiн әлемдiк аренада таратуда өзiнiң бағасыз үлесiн қосатыны анық. Славяндық базардағы Қазақстан күнi «Ұлы дала өнерi» атымен тұңғыш рет өткiзiлмекшi. Оның мақсаты Қазақстан мәдениетi мен өнерiн халықаралық деңгейге көтерiп, оны насихаттау, себебi бұл, әрине, бiздiң Президентiмiздiң күрделi саясатының ажырамас бөлiгi болып келедi. Бiз елiмiздiң ерекшелiгi мен төл мәдениетiн сай көрсететiн өз елiмiздiң мұра байлығын және бүгiнгi таңдағы табыстарын халықаралық деңгейде ортаға салып, жария етудi мақсат тұтып отырмыз», дедi ҚР Мәдениет қайраткерi, Қазақстан мен Орталық Азиядағы Славянский базар халықаралық фестивальдiң ресми өкiлi Қарлығаш Әбдiкәрiмова.

«Славянский базар в Витебске» конкурсына қатысып, елiмiздiң мәртебесiн көтерген өнерпаздардың арасында Әлiшер Кәрiмов, Динара Сұлтан, Димаш Құдайберген, Адам, Ержан Максим, Луиза Нұрқуатова бар. Ал биылғы байқауда Қазақстанның намысын көпшiлiк тыңдарманға «Әмiре» деген атпен танылған әншi Ернар Садырбаев қорғайтын болады.

02.07.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 207