Мемлекеттік қызметтегі жастар – ол жаңа идеялар мен жаңа тәсілдер

Мемлекеттiк қызмет жүйесiнде жаңа идеялар мен жаңа тәсiлдердi туындата алатын талантты, бәсекеге қабiлеттi әрi жасампаз жастарды мемлекеттiк қызметке тарту мәселесi әлi күнге дейiн өзектiлiгiн жоғалтпай отыр.

Мемлекеттiк қызметке түсудiң тәртiбiн және оның артықшылықтарын жастарға түсiндiру мақсатында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң бiтiру курстарының студенттерiмен жүздестi.

Жастарды елiмiзге адал қызмет етуге шақыра отырып, Берген Беспалинов жоғары оқу орындарының түлектерi үшiн мемлекеттiк органдарда қызмет етудiң әрi қарай табысты мансап құрудың жақсы бастамасы әрi iргетасы екенiн айтып өттi.

«Бүгiнгi таңда алымызда мемлекеттiк аппараттың жұмыс iстеу форматын өзгерту туралы мiндет тұр. Мемлекеттiк аппаратты жоғары тиiмдi және ашық ету үшiн мемлекеттiк қызметке iрiктеу жүйесi өзгертiлдi. Ендiгi кезекте бұл жүйе жастарды дамыту үшiн көп жағдай жасауда» — дейдi Берген Беспалинов.

Өз сөзiнде спикер максимально мемлекеттiк қызметке түсу, тестiлеуден өту және әңгiмелесу кезеңiне дайындалу тәртiбiн толық әрi кезеңмен түсiндiрiп бердi. Сонымен қатар тәрбиелiлiк, тұтынушыға бағдарлану, бастамашылық және күйзелiске төзiмдiлiк сияқты қасиеттердiң болуына маңызды көңiл бөлiнетiнiн атап өттi.

Сонымен қатар, жаңа еңбекақы жүйесiн енгiзудiң тиiмдiлiгi аталып өттi.

«Агенттiкпен ең алдымен әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң жұмысының нақты қорытындысына бағдарланатын жаңа еңбекақы жүйесi әзiрлендi. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс нәтижесi қаншалықты жақсы болса, ақысы соншалықты жоғары болады» — дейдi Берген Беспалинов.

Аталған кездесудiң жастарды мемлекеттiк қызметке тарту мақсатында Департаментпен ұйымдастырылып тұратын көптеген кездесулердiң бiрi екенiн атап өткен жөн. Департаменттiң бастамасымен жыл сайын облыс аумағында студенттермен кездесулер, жұмыссыз жастар мен ЖОО және колледждердiң түлектерi үшiн бос жұмыс орындар жәрмеңкелерi өтiп тұрады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз-хатшысы

     

05.04.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 394

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН