БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ БАҚЫЛАНУДА

Орталық коммуникациялар қызметiнде жаз мезгiлiндегi аурулардың алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өттi. Балалардың жазғы демалысы — бұл келесi оқу жылының айғағы. Себебi, жыл бойы шаршаған балалар жазғы демалыс кезiнде тынығып, күш алады. Жазғы демалыс балалардың дамуы мен сауығуы үшiн маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, ата-аналар балаларын қауiпсiз әрi жақсы демалтуды ойлайды.

Сондықтан, жақсы тамақтандыратын, тамақ дайындау технологиясын сақтайтын, санитариялық қағидалар талаптарына сай келетiн ұйымдарға аса назар аударылады.

Балаларды сауықтыру ұйымдарында 5 реттiк тамақтандыру көзделедi, ол жерде балалар көкөнiстермен, жемiс-жилектермен қаптамасыз етiлiп, сапалы тамақ өнiмдерi пайдаланылады.

Тамақ медициналық ұйымдардың ұсынымдары ескерiле отырып, екi апталық ас мәзiрiне сәйкес дайындалады. Ең бастысы ас мәзiрiнде бiр тамақ түрi күнделiктi және келесi 2-3 күнде қатар берiлмесi үшiн ауыстырылып кезектестiрiп берiлуi көзделедi. Ас мәзiрiне газдалған, тәттi алкогольсыз сусындарды, фаст-фудтарды, қытырлақ картоптарды (ципсы), қаймақ, майонез араластырылған салаттарды және санитариялық қағидалармен тыйым салынған басқа да тамақ өнiмдерiн қосуға рұқсат етiлмейдi.

Балаларды сауықтыру ұйымдарында ауыз су режимi сақталуы тиiс. Ыдысқа құйылған (графин) немесе бөтелкеге құйылған ауыз судың иiсi болмауы, дәмi жақсы болуы, химиялық құрамы, микробиологиялық және паразитологиялық, радиологиялық көрсеткiштерi бойынша қауiпсiздiк талаптарына сәйкес болуы тиiс.

Төсек жабдықтары 7 күнде 1 рет немесе ластануына байланысты ауыстырылады. Балалар 7 күнде 1 рет моншаға шомылады, баланың қалауы бойынша күнделiктi себезгi қабылдауына болады. Санитариялық тораптар (дәретханалар) күнделiктi жиналады.

Балаларды сауықтыру ұйымдарына келген барлық балалар тәулiк бойы медицина персоналының бақылауында болады. Күнделiктi кешкiлiк кезекшi медицина қызметкерi балалардың денсаулығы жағдайын тексерiп, лагерьдi аралап шығады.

Балалардың шомылу орындарына қойылатын талаптар санитариялық қағидаларда жазылған. Жағажайдың бастығы, лагерьдiң басшысы қойылатын талаптарға жағажайдың сәйкестiгiн қадағалауы тиiс.

Балалардың шомылуына арналған су қоймаларының тереңдiгi балалардың жас ерекшелiктерiне байланысты 70 см-ден 130 см-ге дейiн болады. Шомылатын аумақ су бетiндегi қалқыма белгi — жақсы көрiнетiн қалтқымен белгiленуi тиiс.

Балалар шомылып жүрген аумақта медицина қызметерi мiндеттi түрде болуы тиiс.

11.07.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 160