Көкшетауда жабал ерғалиевтің жаңа кітабының тұсауы кесілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi қарсаңында Көкшетауда «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» атты кiтабының тұсаукесерi өттi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Кiтаптың авторы — танымал журналист, драматург, қоғам және саясат қайраткерi, 5-шi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жарық көрген кiтап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың қызметiне арналды.

Бұл маңызды оқиғаны жазушымен бөлiсуге оның әрiптестерi, өңiрдiң шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкiлдерi келдi.

Жабал Ерғалиевтi облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң атынан орынбасары Айна Мысырәлiмова құттықтап, Тәуелсiз Қазақстанның тарихы мен мемлекет басшысының тағдыры — барлық халықтың тағдыры екенiн атап өттi.

«Әлемдiк аренада елдiң беделiнiң өсуi, қазақ халқының тәуелсiздiгiне қол жеткiзу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты», — дедi облыс әкiмiнiң орынбасары.

488 беттiк басылым үш бөлiктен тұрады. Бiрiншiсi Ерғалиевтiң мақалалары. Екiншi тарауда — мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен қазiргi заманғы Қазақстанның тарихындағы жарқын кезеңдердiң бiрi бейнеленген. Олардың iшiнде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында, Әлемдiк дiндер съездерiн ұйымдастыруда, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитiнде сөйлеген сөздерi бар. Автор өз кiтабында Қазақстан халқына Жолдаудың маңыздылығын, билiктiң алдында тұрған мiндеттердi және осы бағдарламалық құжатты жүзеге асырудың қоғамға және экономикаға әкелетiн артықшылықтарын көрсеттi. Кiтаптың үшiншi бөлiмi — халық пен Елбасы туралы ойлар мен пiкiрлер

Жабал Ерғалиевтiң кiтабының алғашқы иегерi М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапхана атанды. Кiтапхананың қорын автордың өз қолынан табысталған 20 кiтабы толықтырды.

29.11.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 243

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН