Халықтың әл­ауқатын арттыру – басты міндет

Аудан әкiмi Асқарбек Үйсiмбаев тұрғындардың әл-ауқатымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Барақпай, Веселое және Жамбыл ауылдық округтерiне барып қайтты.

Асқарбек Съезбекұлы Жамбыл ауылдық округiне тоқтап, Приозерное ауылын аралады. Алдымен Приозерное орта мектебiне барып, онда бiлiм беру ұйымының жағдайымен танысты. Бұл мектеп 1985 жылы салынған. Орыс тiлiнде бiлiм беретiн мектепте барлығы 88 оқушы бiлiм алады. Мұғалiмдер саны — 21, соның iшiнде жоғары санаттылары — 1. Аталған бiлiм ұясында жаппай бiлiм беру қорының есебiнен — 24, ал демеушiлiк қаражат құралдарының есебiнен 5 бала тамақтанады. Сонымен қатар, мұнда 2008 жылы құрылған, 22 бала санымен шағын-орталық қызмет атқаруда. Осы мектептiң жанынан құрылған «Достық» балалар сауықтыру орталығында жыл сайын аудандағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары демалады. Аталған мектеп бойынша аудан әкiмi Асқарбек Съезбекұлы кемшiлiктердi жою мақсатында мектептiң жылу жүйесiне тексерiс жүргiзiп, қазандықта электрлiк генератор мен 2 желдеткiштiң болуын қамтамасыз етiлуiн және мектеп спортзалының еденiне жөндеу жасауды тапсырды.

Содан соң аудан басшысы ауылдың мәдениет үйi, кiтапхана, ауылдық округ әкiмiнiң аппараты және медициналық бөлiмше сияқты ұйымдар мен мекемелердi аралады.

Аудан әкiмi «Байдалы» ЖШС-нiң қаражат құралдарының есебiнен салынып жатқан жатақханаға (суретте) барып, құрылыс барысымен танысты. Келешекте осы жатақханада жас мамандар тұратын болады. Ауылдағы әлеуметтiк ғимараттарды аралап, ауылдық округ жолдарын қалпына келтiрiп, абаттандыру бойынша жұмысты бақылауға алуды бұйырды. Веселое ауылдық клубын жөндеу бойынша көрермендер залын спорттық залына қайта жоспарлау туралы жобасына өзгерiстер енгiзу мәселесiн шешiп, Веселое ауылындағы медициналық бөлiмшенi материалдық-техникалық жабдықтандыру мәсе-лесiн қарастыруды және Новоселов ауылына кiрердегi су өткiзу құрылғысын қайтадан орнату бойынша жұмыс жүргiзу туралы тапсырыс берiлдi.

Аудан әкiмi 1989 жылы құрылған Жыланды қазақ негiзгi мектебiне де барып қайтты. Бұл мектепте 33 оқушы бiлiм алады. Оқушылардың барлығы да демеушiлер есебiнен тамақтанады. Мектеп жанынан құрылған шағын-орталықта 15 бала тәрбиеленедi. Аудан басшысы осы мектептiң қазандығына жаңа қазан алып, бар қазандарға мәжбүрлi желдеткiш жүйесiн орнатылуын және иелiк етушi нысандар күшiмен аталған қазандық пен көмiр сақтау орнын сыртқа шығаруды және бұзылған компьютерлердi жөндеу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы мектепте түлектердiң демеушiлiк құралдар есебiнен терезелердi ауыстырып, материалдық-техникалық жабдықтандыруды (сөрелер, парталар, тақталар алуды) тапсырды.

Жалпы алғанда, аудан басшысы ауылдардағы абаттандыру, көгалдандыру мәселесiне баса назар аудара отырып, округ әкiмдерi мен ауданның ұйым басшыларына қатаң бақылауға алуды бұйырды.

30.05.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 384

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН