Еске алу турнирі

Ағымдағы жылдың 17-18 қараша күндерi ауданымызда Социалистiк Еңбек Ерi Нұрғабыл Малғаждарұлын еске алуға арналған, дәстүрлi қазақ күресi бойынша жасөспiрiмдер арасында облыстық турнир өткен болатын. Төл күресiмiзден өткен додаға Бурабай, Зерендi, Атбасар, Жарқайың, Есiл, Сандықтау аудандары және Солтүстiк Қазақстан облысынан келген барлығы 8 команда белдестi. Ұлы дала елiнiң жасөспiрiм палуандары боз кiлем үстiнде жоғары деңгейде өнер көрсетiп, шеберлiктерiн танытты.

Турнирдiң ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкiмiнiң орынбасары Гүлнар Ерғалиқызы қатысушыларға аталмыш турнирге атсалысып келгендерi үшiн алғысын бiлдiрiп, палуандарға сәттiлiк тiледi.

Екi күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жекелей салмақ дәрежесiнде аудан намысын қорғаған жерлестерiмiз қарсыластарына есе бермедi. Өрендердiң бұл бәсекеде көрсеткен жалпы нәтижесiне тоқталар болсақ: 23 кг. салмақ дәрежесiнде 2 орын — Санжар Қайролаев (Балқашин с.), 29 кг. салмақ дәрежесiнде Дмитрий Степахин (Балқашин с.) — 1 орынды, Артем Попов (Балқашин с.) — 2 орынды иелендi. 32 кг. салмақ дәрежесiнде жүлделi 3 орынға — Артем Кошелев (Балқашин с.), 35 кг. салмақ дәрежесiнде өнер көрсеткен палуан Асанәлi Қуандықов (Қызыл-Қазақстан а.) — 1 орынға, Константин Бочегов (Балқашин с.) — 3 орынға, 38 кг. салмақ дәрежесiнде Тимур Арабов (Балқашин с.) — 1 орынға ие болды. 46 кг. салмақ дәрежесiнде Байсангур Вахаев (Балқашин с.) — 2 орын, Әлфараби Қайырбаев (Қызыл-Қазақстан а.) — 3 орын, 51 кг. салмақ дәрежесiнде Даржан Қайрулаев (Балқашин с.) — 2 орын, 57 кг. салмақ дәрежесiнде Исмайыл Алиев (Балқашин с.) — 2 орын, 60 кг. салмақ дәрежесiнде 3 орын — Сағындық Құрмантаев пен Эмиль Мамедов (Балқашин с.) сынды палуандар қанжығаларына байлады.

Турнирдiң бас төрешiсi, жаттықтырушы Марат Шамиғанов сайыстың жоғарғы дәрежеде өтуi үшiн демеушiлiк көрсеткен Аяған Малғаждаровқа, Арман Машрановқа, Мұрат Мағзұмовқа, Ағайдар Амринге, Есенгелдi, Есмырза, Марат Алпысбаевтарға және БЖСМ директоры Валерий Ловягинге шексiз алғысын бiлдiредi.

Жасөспiрiм палуандарымыз әрқашанды жеңiс тұғырынан көрiне берулерiне тiлектеспiз.

 

22.11.2018
LANG_PROSMOTR_COUNT 426

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН