+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Еліміздің ертесі – жастар

Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елдi-мекендердегi маман тап-шылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласына бiлiктi, бiлiмдi жас мамандар келуде. Олар бүгiнде ауылды көркейтуге өз үлестерiн қосуда.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру және оларға әлеуметтiк көмек көрсету — басты мәселелердiң бiрi. Ауылға аттанған мамандарға берiлетiн бiр реттiк көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй үшiн қарастырылған несие көлемi де өсiп келедi. Мұның бәрi елiмiзде жастарды қолдап-қуаттаумен қатар оларға жан-жақты мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығының белгiсi.

Ауданымызда осы бағдарламаның шапағатын көрiп жатқан жастар қатары жыл санап артып келедi. Солардың бiрi Сандықтау ауданы бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi, бiлiктi жас маманы Қонсбекова Әсем Нұрғазықызы.

Әсем Нұрғазықызы — Жыланды ауылының тумасы. Ол 2016 жылы Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжiн тәмамдаған соң, Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттiк университетiнде бiлiмiн шыңдаған.

Бойына бiлiм нәрiн сусындатқан жас маман алғашқы еңбек жолын Балқашин №1 орта мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмi болып бастайды. Қиындығы мен қызығы мол мамандық иесi осы бiлiм ошағында бiр жыл көлемiнде еңбектенiп, ысылып тәжiрибе жинақтайды. Кейiн ол аудандық бiлiм бөлiмiне арнайы ұсыныс бойынша жұмысқа орналасады. Әсем Нұрғазықызы жас болса да жұмысына адал, бiлiктi әрi қабiлеттi маман.

Әсем 2018 жылы мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы алса, 2019 жылы тұрғын үй сатып алу үшiн берiлетiн несиеге қол жеткiзiп, екi бөлмелi пәтер иесi атанып отыр.

-«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында көптеген ауылдық жерлердегi негiзгi мәселелердi атап өттi. Солардың бiрi «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтiп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет деген болатын. Осы тұста мен жастарға оқуларын аяқтап, өздерiнiң елдi мекендерiне қайта келiп, аймағымыздың өркендеуiне ат салысуына шақырамын. Өйткенi, ауылымыз өркендесе, елiмiздiң көркейетiнi анық», — дейдi жас маман.

Иә, бүгiнгi ауылды жерлерде қызметтерiн бастаған жас мамандар, ертең билiк басында болары сөзсiз. Көзiмен көрiп, қолымен ұстай бiлген жас маманды ғана тәжiрибелi маман деп айтуға болады. Сондықтан да алдағы уақытта «Дипломмен ауылға» жобасы кадр бiлiктiлiгiне қатысты көзге көрiне бермейтiн, бiрақ маңызы зор мәселелердiң шешiмiн табуға ықпал ететiнiне сенiм мол.

25.09.2019
125