A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«ЕХРО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің шеңберінде Қостанай облысы күндері

Орталық коммуникациялар қызметiнде облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Бибiгүл АҚҚОЖИНА, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын МУРЗИН, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан ҚАЛМАҚОВТЫҢ қатысуымен «ЕХРО — 2017: болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрменiң шеңберiнде Астана қаласында Қостанай облысы күндерi» тақырыбына брифинг өттi.

2017 жылдың 5 — 9 тамызы аралығында Астана қаласында Қостанай облысының күндерi өтедi.

Өз шығармашылығын және өнерiн Қостанай облысының үздiк қайраткерлерi көрсететiн болады: суретшiлер, мүсiншiлер, қолөнер шеберлерi, I. Омаров атындағы Облыстық драма театрының, Облыстық орыс драма театрының, Е. Өмiрзақов атындағы филармонияның әртiстерi.

5 тамызда сағат 21.30-да ЭКСПО амфитеатрында танымал әншiлер мен музыканттар — Қостанай облысының тумалары Сүндет Байғожин, Анар Мұздаханова, Роза Нұркей, Шахаризат Сейдахмет, Нұрболат Арзамасұлының, сондай-ақ өңiрдiң үздiк шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Гала-концерт өтетiн болады.

Қостанай облысы мәдениет күндерiнiң шеңберiнде көрермендер назарына келесi iс-шаралар ұсынылатын болады: «Шырқар әнiм туған өлкем — Қостанай!» концертi, «Дала шамшырағы» және «Ақ келiн» спектакльдерi, «Музыка — душа народа» вокалдық және ақындық бағдарлама, «Волшебный мир танца» хореографиялық шолу, Қостанай облысының 20 қолөнер шеберiнiң «Туған жер құшағында» экспозициялық көрмесi.

Қостанай облысының құрама командасы Тоғызқұмалақ, Асық ату, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату бойынша көрiнiстер көрсетедi. Қазақ күресi бойынша жарыстарға Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген палуандар қатысады.

6 тамызда сағат 17.00-де «Қазанат» атшабарында Аламан бәйге, топ бәйге бойынша жарыстар өтедi.

Қостанай облысының ұйымдастыру комитетiмен арнайы жүлде қоры бөлiндi, ал бәйгенiң басты сыйлығы Қостанай қаласының қазақстандық өндiрiсiнiң автомобильдерi болады.

Сонымен қатар 5 және 6 тамыз күндерi «Қазақстан» спорт кешенiнде Қостанай облысының 14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiнiң қатысуымен Жәрмеңке өтедi, онда шұжық, сүт, кондитерлiк, ұн және макарон өнiмдерi түрлерiнiң 100 астам атауы және басқа да өнiмдер тауар өндiрушiлердiң бағасымен 650-ен аса тонна көлемiнде ұсынылады.

9 тамызда Астана қаласының Орталық алаңында Қостанай облысы күндерiнiң салтанатты жабылу рәсiмi өтедi, онда Big-bandтың «В кругу друзей и современных ритмов» атты джаздық шолуы жарқын көрiнiске айналады.

Байланыс мәлiметтерi: 87142-575-354, 87777960050 — Динара Иосифовна Қарымсақова (ақпараттық саясат және БАҚ өзара iс-қимыл бөлiмiнiң басшысы).

ДАТА: 4 августа, пятница
ВРЕМЯ: 11-30 часов
ТЕМА:«EXPO — 2017: болашақ энергиясы» Халықаралық мамандындарылған көрменiң шеңберiнде Астана қаласында Қостанай облысы күндерi»/«Дни Костанайской области в Астане в рамках Международной специализированной выставки «EXPO — 2017: энергия будущего»
Модератор: Жиембет Жұмағұл
СПИКЕРЫ:
3 чел.

Ф.И.О. Должность
1 Бибігүл Бүркітқызы АҚҚОЖИНА/Бибигуль Беркутовна АККУЖИНА Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы /Руководитель управления внутренней политики акимата Костанайской области
2 Ерлан Болатұлы ҚАЛМАҚОВ/Ерлан Болатович КАЛМАКОВ Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы /Руководитель управления культуры акимата Костанайской области
3 Байбосын Байбатырұлы МУРЗИН /Байбосын Байбатырович МУРЗИН Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы /Руководитель управления сельского хозяйства акимата Костанайской области

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2017
Қаралым саны: 131
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru