A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Болашаққа бағдар: жаңа рух, жаңа серпін береді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердiң озық тәжiрибесiн, жетiстiктерiн бойға сiңiрiп, пайдамызға асыру туралы айтқанын зиялы қауым қуана құптап отыр. Бiлiмге ұмтылу, жақсыға үйрену жаманнан жиренудi ата-бабаларымыз баяғыда айтқан. Бұл ендi ұлттық идеологиямызға айналып отыр. Мемлекет басшысы өз мақаласында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшiн ұлттың дамуына кедергi болатын өткеннiң кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп қадап айтты.

Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзiмiздiң, қазақстандық дербес даму үлгiсiн қалыптастыруымыз керек екендiгi айтылған. Бұл дегенiмiз-қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерiн, ең бастысы, мемлекеттiк тiлiмiз бен әдебиетiмiздi, мәдениетiмiздi, қазақи рухымызды жаңғырту. Бұл ретте Президенттiң жаңғыру ұғымының мейлiнше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбiр дағдыларымыз бен әдеттерден арылуымыз керек деген сөзiнiң жаны бар. Өйткенi бұл-өмiр заңы, даму заңдылығы. ХХI ғасырдағы адамзаттың басты, негiзгi құндылықтары бiлiмнен басталатын болады.

Жастарымызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдiк бiлiм ошақтарынан тереңдетiлген бiлiм алып халқымыздың игiлiгiне жұмыс iстеуге баулуымыз керек. Мемлекет басшысының жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкiндiк бередi.

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018
Қаралым саны: 34
@2018 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru