A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Біздің мақтанышымыз!

Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25 тамызында «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» облыстық байқауы өттi. Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтiп, беделiн арттыру және мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 8ауданның командалары қатысты.

Байқау барысында қатысушы командалар 4 тапсырма бойынша сыннан өттi. Алдымен командалар сәлемдесiп, өздерiн таныстырса, екiншi турда тарихи орындарға байланысты тапсырманы шештi. Үшiншi кезең командалардың бiлiм деңгейiн таразылауға бағытталды. Қатысушылар тiл туралы қанатты сөздердiң жалғасын тауып, тiлдердi дамыту саласын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiге қатысты сұрақтарға жауап бердi. Ал «Үй тапсырмасы» аясында Клара Әуезхан ән шырқап, «Реверанс» би тобы өз өнерлерiн көрсеттi. Бұл байқауға Сандықтау ауданынан қатысқан «Парасат» тобы 1 орынды иелендi. Жеңiмпаз команда Қазақстан халқы тiлдерi күнiне орай ұйымдастырылатын республикалық «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» байқауында бақ сынайды. Бiз өз жеңiмпаздарымызға сәттiлiк пен жеңiс тiлеймiз!!!

Мақаланың шыққан күні: 25.08.2017
Қаралым саны: 39
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru