A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Балаларды қуанышқа бөледі

Өтiп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi бiздiң елiмiз үшiн маңызы зор. Көрменiң басталғанына аз уақыт болса да, дыбысы әлем елдерiне тарап кеттi десек, артық айтпаймыз. Елiмiздi үш ай бойы дүбiрлi думанға бөлейтiн әлемдiк деңгейдегi көрменi абыроймен өткiзу барлығымызға үлкен сын болмақ.

Елiмiздiң жарқын болашағы өскелең ұрпақ дейтiн болсақ, балалардың көрменi тамашалауға баруы заңды. Оқушыларға жан-жақты экологиялық тәрбие берiп, әрбiр баланың жүрегiне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүйюге шақырып, адам мен табиғат әрқашан егiз екендiгiн түсiндiру қажет.

Осы орайда, «ЭКСПО-2017» көрмесiн тамашалауға аймағы-мыздың аудан мектептерiнен барлығы 409 оқушыны апару жоспарланған болатын. Айта кету керек, көрмеге баратын оқушылардың денi аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, сонымен бiрге оқу озаттары мен мектеп белсендiлерi және байқаулар мен олимпиадалардың жеңiмпаздары. Мiне, жоспар бойынша оқушылардың алғашқы легi «ЭКСПО-2017» көрмесiн тамашалап келдi. Балалардың жүздерiнен қуаныштың лебiн анық байқауға болады. Осы сәттi пайдаланып, Астана қаласына алғаш барып, осындай көрменi тамашалап келген Балқашын №1 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Ибраимова Наргиз қарындасымызбен аз-кем тiлдескен болатынбыз.

- Әлем жұртшылығы көз тiгiп отырған көрме аясында көптеген қызықты жерлердi тамашаладым. Таңғажайып павильондар, әр павильон өзiнше жеке әлем, бiр-бiрiне мүлде ұқсамайтын нысандар көздiң жауын алады. Ең қатты ұнағаны сан түрлi гүлдердiң көптiгi және әйнектен жасалған лифтен 8 қабатқа көтерiлген сәтте таңғажайып көрiнiске тап боласың. Бiр сөзбен айтқанда, осы сапарым үшiн өте қуаныштымын және көрмеден алған әсердi әлi де ұмытар емеспiн,- дейдi Наргиз.

Елiмiздiң болашағы өскелең ұрпақтың осы сапардан түйгендерi көп болып, алдағы уақытта осындай биiк белестердi бағындыра берсiн деймiз.

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2017
Қаралым саны: 96
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru