БУРАБАЙДА «ШИПАЖАЙ-2019» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық кешенiн дамыту мақсатында Бурабайда Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық курорттық қауымдастығының қолдауымен «Шипажай-2019» төртiншi Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк форумы өттi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Көптеген жылдар бойы форумның орны дәстүрлi түрде Қазақстанның санаторлық-курорттық кешенiн дамыту үшiн маңызды оқиға болды. Форум қатысушылары жыл сайын санаторлық-курорттық саланың жалпы мәселелерiн және олардың шешiмдерiн талқылайды, ұлттық және шетел курорттарының, санаторийлерiнiң табысты тәжiрибесiн практикалық денсаулық сақтауға ғылыми интеграциялау арқылы қабылдайды.

Форумның мақсаты — қоғамдық денсаулықты нығайту және қалпына келтiру мәселелерiн талқылау үшiн тұрақты әмбебап пiкiрталас алаңын құру.

Жалпы, жоспар бойынша екi конференция өттi. Алғашқысы — «Санаторлық-курорттық кәсiпорында медициналық оңалтудың әлеуетi. Мәселелер мен шешiмдер», екiншiсi — «Курорттық бизнестегi экономика және менеджмент».

Қазақстаннан, жақын және алыс шетелден 300-ден астам делегаттың қатысуымен өткен форумның ғылыми бағдарламасы санаторлық-курортты дамытудың өзектi мәселелерiн талқылау үшiн пленарлық және секциялық мәжiлiстерден тұрды.

Сондай-ақ, оңалту және курортологияның басым бағыттары; өмiр сапасын жақсарту жолымен денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған санаторлық-курорттық индустрия саласындағы жаңа әзiрлемелер мен инновациялық жобалардың жетiстiктерi; санаторлық-курорттық қызметтер спектрiн және санаторлық-курорттық бизнестi дамыту жолдарын, тағы да басқа өзектi тақырыптар қарастырылды.

Кешендi көрме Форумның ажырамас бөлiгi болды. Мұнда қазiргi заманғы бальнеологиялық жабдықтар, сауықтыру технологиялары, классикалық физиотерапевтикалық жабдықтар, балшық терапиясына арналған жабдық, гидротерапия, кинетотерапия, сауықтыру және SPA, қазiргi оңалту және реабилитация орталықтары, заманауи дәрiлiк заттар, денсаулық сақтау, минералды су және т.б. қатысушылар назарына ұсынылды.

Аталған шараға медициналық оңалту және курорттық бизнес саласында тәжiрибе алмасу мақсатында Щвецияның, Венгрияның, Ресей Федерациясының жетекшi салалық сарапшылары келiп қатысты.

Форум соңында саланы мемлекеттiк, атқарушы органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен шоғырландыру бойынша одан әрi дамыту туралы шешiм қабылданды.

22.04.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 315

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН