+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде аудандық аурухана күрделі жөндеуден өткізілуде

Сандықтау ауданындағы аудандық аурухана “Ауыл-ел бесiгi” бағдарлама аясында күрделi жөндеуден өткiзiлуде. Бүгiнде жұмыстардың 80 пайызы аяқталды,-деп хабарлайды “Aqmola News”ақпарат агенттiгi.

Бұл мақсатқа «Ауыл — ел бесiгi» бағдарламасы бойынша «Қазбайлық Астана» серiктестiгiмен арнайы келiсiм-шарт жасалып, 480 837,5 мың теңге қаражат жұмсалған. Аурухана ауласы көгалдандырылып, жаңадан асфальт жамылғы төселген. Ғимараттың шатыры жаңадан жабылған.

Нысанның қас бетiн жылылап, балалар бөлiмшесiнiң электр желiлерi ауыстырылды.

Есiк-терезе де жаңартылып, балалар терапия бөлiмшелерi күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Аурухана ғимаратымен қоса көлiктер тұратын орын да жөндеуден өткiзiлуде.

Жоба шеңберiнде 53 жұмыс орны құрылып, оның iшiнде Жұмыспен қамту мекемесi арқылы 15 адам жөндек жұмыстарына тартылды

Бұл игiлiктi iс барша сандықтаулықтарды қуантуда. Аурухананың жаңғыртылуы келушiлерге көрсетiлетiн қызмет сапасы мен емдеу iсiн жақсартады деген сенiм мол.

 

13.10.2020
10