A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Атамекеніміз жалғыз, ол – қасиетті қазақ елі!

Күллi қазақтың айбынын асқақтатып, айдынын тасытқан Мемлекетiмiз ел ордамыз Астана қаласында Дүниежүзi қазақтарының V құрылтайы өттi. Құрылтайға әлемнiң 39 елiнен келген делегат, оған қоса Қазақ-станның барлық облыстарындағы зиялы қауым өкiлдерi мен әдебиет пен мәдениетте, бизнесте, басқару iсiнде, спортта және басқа да салада биiк белестердi бағындырған, еңбегiмен еленiп жүрген азаматтар қатысты.

Тәуелсiздiк сарайында өткен Дүниежүзi қазақтарының құрылтайына алыс-жақыннан келген алқалы жиынды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атажұрты — Қазақ елiне, оның бас ордасы — Астанамызға келгендерi үшiн шексiз алғысын айтып, қуанышын бiлдiрдi және отырған дүйiм халыққа 15 жылда қол жеткiзген жетiстiктер мен атқарылған реформалар барысы туралы баяндады.

Құрылтай Қазақстанның мерейiн асырып, күллi әлемнiң назарын аударып отырған ЭКСПО-2017 көрмесiне орай өткiзiлiп жатқанына да айта кеткен болатын.

Жиын барысында елдiң мүддесiн арттыратын өзектi мәселелер талқыланды. Мысалға, әлемдегi танымал қазақтардың электронды базасы жасалмақ. Шеттегi және көшiп келген ағайындарды қолдау үшiн «Отандастар» қоры құрылмақ. Шетелдегi жүрген бауырларымыздың ұрпағына көмек жасау, өсiп келе жатқан жастарды қолдау үшiн арнайы стипендия бағдарламасын енгiзу туралы тапсырма бердi.

Президент Назарбаев тарихи Отаныма еңбек сiңiремiн, дамуына үлес қосамын және елiм, жерiм деп емiренген әрбiр қазаққа Қазақстанның есiгi әрқашан айқара ашық екендiгiн жеткiздi.

Мәртебелi басқосудың қорытынды сөзi ретiнде Мемлекет басшысы бұдан былай қауымдастықтың мәртебесi артатынын айтты. Болашақта шеттегi әр қазақ өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырып өмiр сүруге құқылы екендiгiн, сол үшiн атқарушы билiк өкiметпен және сырттағы елшiлiктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау кежет екендiгiн айтты. Елiмiздiң мәртебесi асқақтап, жұлдызы жарқырап, көк байрағы желбiрей берсiн.

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2017
Қаралым саны: 145
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru