A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Әйелдер үшін зейнеткерлік жастың өзгерді

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi — қон комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Қабдуали Қабыкенұлы Құлышевтан 2018 жылы зейнетақы жүйесiнде қандай өзгерiстер күтiлуде екендiгi туралы мәлiмет берудi сұрадық.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы немесе зейнеткерлердiң айтуынша еңбек зейнетақысы 8% көтерiледi.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы және жәрдемақылардың басқа түрлерi 6% артады. Сонымен, келесi жылы ең төменгi зейнетақы мөлшерi мемлекеттiк базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңгенi, ал зейнетақының орташа мөлшерi 71 333 теңгенi құрайтын болады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап мемлекеттiк базалық зейнетақыны тағайындау механизмi өзгередi. Өзiңiзге белгiлi болғандай, бүгiнгi күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтiлiне және табысына қарамастан зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға бiрдей тағайындалады.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бiрдей белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты тағайындалатын болады.

Базалық зейнетақы төлемiн тағайындау үшiн қатысу өтiлiне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiнгi (мiндеттi зейнетақы жарналары төлеу кезеңдерi — МЗЖ) жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу кезеңдерi есепке алынатын болады.

Бұған қоса, басқа әлеуметтiк маңызы бар кезеңдер — үш жасқа дейiнгi балаға күтiм жасау, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаға күтiм жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған, әскери қызметшiлердiң, әлеуеттi құрылымдар қызметшiлердiң жұбайының жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ болған жерлерде, бiрақ 10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдерi және т.б. қосылады.

Бұл ретте, базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 %-ын құрайды, 10 жылдан артық әрбiр жыл үшiн оның мөлшерi 2 %-ға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасына тең болады.

Бұл өзгерiс бүгiнгi күнде зейнетақы алатын адамдарға да, келесi жылы зейнетке шығатын азаматтарға да, яғни барлық 2 миллион зейнеткерге қатысты болады.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу қазiргi зейнеткерлердiң барлығына жүргiзiледi.

Қайта есептеу қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейдi, яғни зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебi олардың зейнетақы iстерiнде еңбек өтiлi туралы мәлiметтер бар, ал мiндеттi зейнетақы жарналары аударылған кезеңдерi аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы дерекқорында бар мәлiметтерден алынады.

Ал практикада бұл қалай болатынын, бұл жөнiнде бiрнеше мысал келтiрейiк:

бiрiншiден, азамат 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн 20 жыл еңбек кiтапшасымен расталатын еңбек өтiлiн ұсынды және

екiншiден, бұл азамат 1998 жылдан кейiн 15 жыл мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы жүйесiне аударған, ол туралы Мемлекеттiк корпорацияның Бiрыңғай есептеу орталығымен расталған (бұрынғы МЗТО).

Бұл ретте, базалық зейнетақыны тағайындау барысында жинақталған еңбек өтiлi 35 жылды құрайтын болады (20 жыл еңбек өтiлi+15 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушысы). Яғни, базалық зейнетақының мөлшерi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 28 284 теңгенi немесе ағымдағы жылы 2 есе көп мөлшердi құрайды.

Егер азаматтың еңбек өтiлi 33 жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң (әрi қарай — ЕКД, республика бойынша) 100% немесе 28 284 теңге, 20 жылдық еңбек өтiлiнде — ЕКД-нiң 74% немесе 20 930 теңге, 10 жылдық және одан аз еңбек өтiлiнде — ЕКД-нiң 54% немесе 15 274 теңгенi құрайтын болады.

Мысалы, әйелдiң 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi 13 жыл болса, қазiр 10 жасқа толған мүгедек баласының күтiмiне байланысты 9 жыл үйде отыр. Базалық зейнетақының мөлшерi қандай болады? Зейнетақы аударымдары жоқ.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап заңнамада базалық зейнетақыны тағайындаған кезде сот шешiмiмен расталған 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаға күтiм жасау кезеңi де есепке алынатын норма көзделген.

Осыған байланысты, базалық зейнетақыны тағайындау кезiнде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн (13 жыл) еңбек өтiлi және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаға күтiм жасау уақыты да есепке алынады.

Осылайша, жалпы еңбек өтiлi 22 жылды құрайды, яғни базалық зейнетақы мөлшерi ең төменгi күнкөрiс денгейiнiң 78 %-ын немесе 22 062 теңгенi құрайтын болады.

Ер адам зауытта 40 жыл жұмыс жасады. Өтiлi 40 жыл. Оның базалық зейнетақысы қандай мөлшерде болады?

Зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 40 жыл болса, базалық зейнетақы 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100%-ын құрайды немесе 28 284 тенге.

Көпбалалы ана, 5 баласы бар. Жұмыс iстемеген. Базалық зейнетақы ала ма?

Базалық зейнетақы еңбек өтiлi болмаған жағдайда да тағайындалады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс iстемейтiн балалы әйелдердiң бала күтiмiнiң уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейiн, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады.

Балалар үшiн еңбек өтiлi 12 жылды құраса, онда базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 58%-ын мөлшерде немесе 16 405 теңге тағайындалатын болады.

Әңгiмемнiң соңында әйелдердiң зейнетке шығу жасының ұлғаюына бiр — екi сөз айтып кетейiн.

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 2018 жылдан бастап 2027 жыл аралығындағы кезеңде 10 жыл iшiнде 6 айдан жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

2018 жылдың бiрiншi жартысында 58 жасқа толатын әйелдерге зейнетақы 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 58,6 жарым жасқа толғанда тағайындалатын болады.

1959 жылдың соңында туған әйелдерге жасына байланысты зейнетақы тағайындауға 2018 жылдың 01 қаңтарына дейiн жүгiну қажет, өйткенi 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап әйелдердiң зейнетке шығу жасы 58,6 жасты құрайтын болады.

Мақаланың шыққан күні: 03.01.2018
Қаралым саны: 32
@2018 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru