АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ақмола облысының аумағындағы өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргiзу аяқталды. Бұл мәлiметпен Сандықтау ауданында өткен баспасөз турында Төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы Алексей Советов бөлiстi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Сандықтау ауданының аумағын 2019 жылдың көктемгi кезеңiне дайындау үшiн аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның отырысы, сондай-ақ, Балкашинодағы Жабай өзенiнiң төбесiндегi шұңқырларды кесiп тастауға сенбiлiк өткiзiлген. Аталған бағытта жұмыстар әлi де жалғасуда.

Жалпы, кестеге сәйкес жарылыс жұмыстары 4500 шаршы метр аумақта жүзеге асырылады жеп жоспарланған.

Сандықтау, Балкашино және Максимовка елдi мекендерiндегi су тасқынының басталуымен Жабай өзенiнiң су деңгейiн қадағалау үшiн тәулiк бойғы кезекшiлiк пен уақытша бақылау станциялары да орнатылған.

Су тасқыны кезiнде зардап шеккен елдi мекендердiң медициналық мекемелерi дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етiлген.

Осы iс-шаралар аясында Балкашино ауылының аумағынан көшелер мен аллеяларды тазарту және қар тазалау жұмыстары жүргiзiлуде.

«БВР техносервис» ЖШС бұрғылау және арнайы жарылыс жасау өндiрiсiнiң директоры Халил Ахметзяновтың айтуынша, өзендердегi жарылыс жұмыстары 13 наурыздан басталған. Күнi бүгiнге дейiн бiрнеше елдi-мекенде жұмыстарын жүргiзген бригада Балкашино мен Сандықтау жерiнде шамамен 2000 шаршы метр мұз жарған. Айта кеткен жөн, өткен жылмен салыстырғанда биылғы қар 15-20 % көбiрек. Сондықтан, су тасқыны да өткен жылға қарағанда қарқынды болуы мүмкiн деп күтiлуде.

19.03.2019
LANG_PROSMOTR_COUNT 214

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН